28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда жаңа энергия көздерін пайдаланатын автомобильдерге сұраныс айтарлықтай артты. Қаңтар-тамыз айларында ресми дилерлер NEV санатына жататын 6 003 көлік сатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 207,4%-ға көп. Өткен жылы сегіз айда 1 953 көлік сатылған.
Гибридтер электромобильдерден озып тұр
Нарықтағы негізгі өсім толық электрлі көліктерден емес, қуатталатын гибридтер (PHEV) мен жүріс қоры ұлғайтылған көліктерден (EREV) байқалды.
Қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда PHEV және EREV санатындағы 4 351 автомобиль сатылған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1 008 көлік болған.
Осылайша аталған екі санаттың жиынтық үлесі NEV нарығының 72,5%-ын құрады.
Қазақстан Автокөлік Одағының президенті Анар Макашеваның айтуынша, сатып алушылар электр көлігін күнделікті жүріп-тұру үшін қарастырғанымен, қала сыртындағы сапар мүмкіндігін де ескереді. Яғни жүргізушілер үшін электр қуатымен жүру мүмкіндігімен қатар, ұзақ қашықтыққа шығу кезінде көліктің автономдылығы маңызды болып отыр.
Электромобильдердің сатылымы да өсті
Толық электрлі көліктердің, яғни BEV санатының сатылымы да артқан. Сегіз айда ресми дилерлер 1 652 BEV көлігін өткізді. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 945 болған. Нәтижесінде өсім 74,8%-ды құрады.
Дегенмен абсолюттік сатылым көлемі бойынша BEV көліктері PHEV және EREV модельдерінен едәуір артта қалып отыр.
PHEV, EREV және BEV: айырмашылығы неде?
Жаңа энергия көзіндегі көліктердің бірнеше түрі бар және олардың жұмыс принципі бір-бірінен ерекшеленеді.
PHEV — сыртқы электр желісінен қуаттауға болатын гибрид. Мұндай автомобильде іштен жанатын қозғалтқыш, электр қозғалтқышы және аккумулятор қолданылады.
EREV — электр қозғалтқышы негізгі рөл атқаратын көлік. Ал бензин қозғалтқышы дөңгелектерді тікелей айналдырудың орнына аккумуляторды қуаттайтын генератор қызметін атқарады. Бұл технология көліктің жүріс қорын арттыруға мүмкіндік береді.
BEV — тек электр энергиясымен жүретін толық электрлі автомобиль. Оның қозғалысын аккумулятордан қуат алатын электр қозғалтқышы қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы сатылым динамикасы сатып алушылардың таза электромобильдерге қызығушылығы артқанымен, қазіргі таңда қосымша қозғалтқыш немесе генератор арқылы жүріс қорын ұлғайтатын технологияларға сұраныс жоғары екенін көрсетеді.
Қазақстандықтар қай брендтерді таңдайды?
NEV нарығында BYD бренді көш бастап тұр. Қаңтар-тамыз аралығында ресми дилерлер бұл марканың 3 208 көлігін сатқан.
Бұл көрсеткіш жалпы NEV сатылымының шамамен 53%-ына тең.
Екінші орында Geely Galaxy — 1 244 автомобиль. Үшінші позицияда Li бренді тұр, оның 888 көлігі сатылған.
Одан кейін Zeekr — 214, ROX — 131 көлікпен орналасқан.
BYD-тің үлесі компанияның Қазақстандағы жаңа энергия көзіндегі көліктер нарығында айтарлықтай басым позицияға ие екенін көрсетеді.
Ең көп сатылған модельдер
NEV сегментіндегі ең жоғары сатылым көрсеткіші Geely Galaxy EX5 EM-i моделінде тіркелді. Қаңтар-тамыз айларында оның 1 205 данасы сатылған.
Екінші орында — BYD Song Plus DM-i, оның сатылымы 1 196 автомобильді құрады.
Екі модель де қуатталатын гибрид санатына жатады. Үздік бестікте:
Li брендінің ішінде ең көп сұранысқа ие модель Li L6 болды. Сегіз айда оның 504 данасы сатылған.
Классикалық гибридтердің өсімі баяу
Қазақстанда сыртқы зарядтауды қажет етпейтін классикалық гибридтер — HEV те сатылады.
Бұл көліктерде іштен жанатын қозғалтқыш электр қозғалтқышымен бірге жұмыс істейді, ал аккумулятор сыртқы электр желісінен қуатталмайды.
Қаңтар-тамызда ресми дилерлер 1 284 HEV көлігін сатты. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1 209 болған. Осылайша өсім шамамен 6,2% құрады.
Классикалық гибридтер нарығында Toyota басым. Брендтің 1 208 көлігі сатылған. Lexus — 63, Porsche 13 автомобиль өткізген.
NEV жалпы автомобиль нарығының қанша бөлігін алады?
NEV сегментінің өсімі жоғары болғанымен, оның жалпы жаңа автомобильдер нарығындағы үлесі әзірге салыстырмалы түрде шағын.
Қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда барлығы 146 372 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылған. Ал NEV санатындағы көліктердің сатылымы 6 003 бірлікті құрады.
Бұл ретте нарық құрылымындағы өзгеріс анық байқалады. Қазақстандықтар электр тартқышын күнделікті пайдалануға мүмкіндік беретін, бірақ ұзақ сапар кезінде зарядтау инфрақұрылымына толық тәуелді етпейтін көлік технологияларына көбірек қызығушылық танытып отыр.
Осыған байланысты алдағы уақытта Қазақстандағы жаңа энергия көзіндегі автомобильдер нарығында PHEV және EREV модельдерінің үлесі маңызды болып қала беруі мүмкін.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?