Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАзаматтық авиация комитеті әуе рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мохамад Фаджроэль Рахман мырзамен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және туристік ағымды ұлғайту мақсатында доктор Мохамад Фаджроэль Алматы – Бали бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу ұсынылды. Тараптар белгіленген құқықтық базаны атап өтті, оған сәйкес әрбір тараптың тағайындалған әуе компаниялары елдер арасында 5-ке дейін тұрақты жолаушылар рейсін орындауға құқылы.
Қазақстан әуе компаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Джакарта және Денпасар (Бали), Индонезия әуе компаниялары үшін: Астана және Алматы.
Сондай-ақ, Елші мырза Қазақстан азаматтарының Индонезияға келгеннен кейін Индонезия визасын алу мүмкіндігі туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасында тікелей әуе қатынасын орнату жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес