20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздар үшін тың жаңалық енгізілді. Енді әскерге баратын жастар өздері қызмет еткісі келетін әскери бөлімді таңдай алады. Бұл мүмкіндік Қорғаныс министрлігі іске қосқан MyArmy.kz бірыңғай цифрлық порталы арқылы қолжетімді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін мұндай рәсімдер тек жергілікті әскери басқармаларға барып қана жүзеге асатын болса, енді бәрін онлайн шешуге жол ашылды.
Портал арқылы азаматтар мына қызметтерді пайдалана алады:
Негізгі мақсат – әскерге шақыру рәсімін жеңілдетіп, бюрократияны азайту және комиссия жұмысының ашықтығын арттыру, - делінген мәліметте.
Өтініш беру тәртібі
MyArmy.kz порталы арқылы өтініш үш кезеңнен өтеді:
Жасалған – өтініш қабылданды, тексеру басталды.
Өңделуде – тексеру аяқталып, үміткер медициналық комиссияға шақырылады. Бұл жерде қажетті талдаулар мен анықтамалардың тізімі беріледі.
Қабылданды / Қабылданбады – медициналық тексеріс пен жеке қасиеттерді бағалау нәтижесінде шешім қабылданады.
SARBAZ+ жобасының аясында
MyArmy.kz – SARBAZ+ жобасының пилоттық нұсқасы. Қазіргі таңда ол Алматы облысындағы №78460 әскери бөлімінде сынақтан өтуде. Үміткерлерді іріктеу Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жүргізіліп жатыр.
Жоба сәтті іске асса, бастама еліміздің басқа да әскери бөлімдерінде қолданысқа енгізіледі.
Жаңа жүйенің артықшылықтары
Жаңа портал әскерге шақырылушыларға бірқатар қосымша мүмкіндік береді:
Қорғаныс министрлігі бұл бастаманың мәнін былай түсіндірді:
Әскерге шақырылушылар енді өз қалауына қарай әскери бөлімді таңдай алады. Бұл олардың алдыңғы мамандығына, сондай-ақ болашақ кәсіби дамуына ыңғайластырылған шешім.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?