20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі – Balkan Mathematical Olympiad 2026 додасында жоғары нәтиже көрсетіп, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен биылғы олимпиадаға математикалық дайындығы жоғары елдер қатысты. Атап айтқанда, Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, Түркия, Солтүстік Македония және өзге де мықты мектептері бар 24 мемлекеттен барлығы 148 оқушы бақ сынады.
Осындай жоғары деңгейлі бәсекеде Қазақстан оқушылары тұрақты дайындық пен жүйелі еңбектің нәтижесінде үздіктер қатарынан көріне білді.
Қазақстан қоржынында – 6 медаль
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы 6 медаль жеңіп алды:
Бұл нәтиже еліміздің математикалық білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
Алтын, күміс және қола иегерлері
қола медальді
Ұлттық құраманың дайындығы мен қатысуын екі жетекші маман Қазақ-Америка университетінің президенті Асылбек Исахов пен Астана-Нұра зияткерлік мектебінің маманы Мұхтар Қабақ қамтамасыз етті.
Жүйелі дайындықтың жемісі
Мұндай халықаралық деңгейдегі жетістік – ұзақ мерзімді дайындықтың, дарынды оқушылармен жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазақстандық оқушылардың көрсеткіші еліміздің математикалық білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?