Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФилиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионатында жүзуден жарыс аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, шешуші жарыс күні қазақстандық спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
А тобы:
Әділбек Мусин, 50 м баттерфляй - алтын
Ксения Игнатова, шалқалай жүзу 200 м - алтын
София Сподаренко, 50 м баттерфляй -алтын
Диана Тасжанова, шалқалай жүзу 200 м - күміс
В тобы:
Егор Попов, шалқалай жүзу 200 м - алтын
София Абубакирова, 50 м баттерфляй - алтын
Максим Сказобцов, 50 м баттерфляй әдісі - алтын
Арсен Қожахметов, 200 м брасс - қола
Даниил Черепанов, 100 м еркін стиль - қола
Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлде бар. Бұл нәтиже отандық құрамаға Жапониядан кейін командалық есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді (36 алтын, 20 күміс, 15 қола). Сондай-ақ қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатты.
1 наурызда суға секірушілер жарысы аяқталады. Қазір біздің қоржында 1 алтын, 3 күміс мен 1 қола медаль бар.
2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс өтеді, ал 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері бақ сынайды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?