30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатына тарихта екінші рет жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚТФ мәліметінше, Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтетін теннистен World Junior Tennis Competition командалық әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің Азия/Тынық мұхиты аймақтық турнирінің матчтары жалғасуда.
Қазақстандық жас теннисшілер ширек финалда Тайбэй командасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, әлем чемпионатына жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Бұл — Қазақстан жасөспірімдер құрамасының тарихта осы жас санатында әлемдік деңгейге екінші рет шығуы.
Бәсекенің алғашқы ойыны тартысқа толы болды. Бексұлтан Бауыржанов төрт сағатқа созылған тартысты матчта Йен Ценгке 4:6, 6:4, 6:7 (4:7) есебімен есе жіберді. Алайда екінші матчта Ахмади Маханов есепті теңестіріп, Хуан Цайды сенімді түрде 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Жұптың кезеңнің шешуші сәтінде Маханов пен Хақназар Жеткербай жұбы бірлескен керемет ойын көрсетіп, Цай/Чан жұбын 6:3, 4:6, 10:6 есебімен ұтты.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандықтар Гонконг командасынан басым түсті. 14 сәуірде финалда Жапония құрамасымен кездеседі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды