Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАзия теннис федерациясы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық 15 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы ұпай санын 2 610-ға жеткізіп, рейтингте көш бастады.
Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бір де бір сет берген жоқ.
Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді