Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүрікменстан астанасы Ашхабад қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында ITF Asia 12&U Team Championships чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық ұлдар мен қыздар теңдессіз өнер көрсетті.
Командалық сайыста ел намысын мына ойыншылар қорғады:
Ұлдар:
Ахмәди Мақанов (Ақтөбе),
Нұрдәулет Балқан (Ақтау),
Арнұр Тұрсынхан.
Капитаны – Антон Михайлов.
Қыздар:
Ясмин Дүйсембаева (Екібастұз),
Әмина Нұрмахан (Алматы),
Нұрай Байсейіт.
Капитаны – Евгения Сушкова.
Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан құрамаларымен төрт кездесу өткізіп, бәрінде де қарсыластарына бір де бір сет бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ұлдар да Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан командаларын сондай есеппен қапы қалдырды – 3:0.
Осылайша, Қазақстан қыздар және ұлдар құрамасы биыл күзде 12 жасқа дейінгілер арасында Алматыда өтетін Азия командалық чемпионатына жолдама алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді