Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық Ева Корышева Испанияда атақты теннисші Хуан Карлос Ферреро академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы додаға АҚШ, Аустралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады.
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жасар Е.Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты.
Ева жекелей сында финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета Немчекті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Жұптық сында тағы бір қазақстандық Томирис Нұржанмен бірге соңғы бәсекеде Г.Немчек – румыниялық Анастасия Предадан айласын асырды – 6:2, 6:2.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді