Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық жас орындаушылар Италияның Сан-Ремо қаласында өтетін балаларға арналған «Sanremo Junior 2024» халықаралық ән байқауына қатыса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аты аңызға айналған «Sanremo Junior 2024» ән байқауына қатысу үшін ұлттық іріктеу турына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр. 25 жыл қатарынан бұл байқау өз сахнасында әлемнің 20-дан астам елінен ең талантты жарық жұлдызды таңдау үшін қатысушыларды жинап келеді. «Sanremo Junior-Kazakhstan» іріктеу туры шеңберінде 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар өздерін танытуға, кәсіби қазылар алқасының алдында өнер көрсетуге және қазақстандық эстрада жұлдыздарымен гала-концертте бірге ән орындауға мүмкіндік алады.
Ұлттық іріктеуден оза шапқан Гран-при жеңімпазына Италияның Сан-Ремо қаласына тегін әуе сапарына және тұруға жолдама сыйлық ретінде беріледі, онымен қоса, әйгілі «Ariston» театрында Қазақстан атынан жарысады.
«Sanremo Junior Kazakhstan» басқа жүлдегерлері Сан-Ремо қаласына барып, Аристон театрындағы концертте Қазақстанның атынан көрсетілетін 15 минуттық көрсетілімге қатысады, жол мен тұру шығыны ұйымдастырушылар тарапынан сыйлыққа беріледі.
Байқауға қатысуға өтінімді ресми сайтта қалдыруға болады: www.sanremojunior.kz
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді