19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов, испаниялық «Atlético de Madrid» футбол клубының президенті Энрике Сересо мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Әбілғазин балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, меморандумға сәйкес, тараптар спорттық оқу-жаттығу орталығының құрылысы мен элиталық білім беру бойынша тәжірибе алмасады, сонымен қатар «Atlético de Madrid» стратегиялық қызмет атқарады.
Жоба аясында Алматы облысы Талғар қаласында Ақбұлақ Олимпиадалық орталығының базасында спорттық-білім беру академиясын құру жоспарланып отыр. Академияда заманауи стандарттарға сай футбол алаңдары, спорт залдары, оқу сыныптары мен медициналық-оңалту орталығы болады, - делінген мәліметте.
Жаттықтырушылар құрамына Испаниядан жоғары білікті бапкерлер шақырылады. Жас футболшылар «Atlético de Madrid» әдісі бойынша дайындалып, арнайы грант арқылы Испанияда жаттығуға мүмкіндік алады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары