Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Малайзияның Нилай қаласында велотректен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бəсекенің алғашқы күні Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.
Жапония құрамасы биыл да чемпион атанса, күміс жүлде Қытайдың еншісінде.
Жарыс жолына бізден Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов шықты. Олар 4 шақырымды 4:00.4 секундта жүріп өтті.
Сары құрлық додасына биыл 30 елдің үздіктері жиналды. Қазақстандықтар саны 14. Тура 2018 жылы Нилайдағы осы ұлттық велодромда құрлық чемпионаты өтіп, оған 22 мемлекет өз спортшысын жіберген.
Малайзиядағы жарыста Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріледі.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді