6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКүні кеше Түркияның Анталия қаласында Президенттік велошерудің 60-маусымы басталды. 4 мамырға дейін жалғасатын әлемдік деңгейдегі бұл жарыста қазақстандық велошабандоздар да бақ сынауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Доданы Түркия президентінің ресми қолдауымен Түркия Велоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ Жастар және спорт министрлігі мен Түркия Туризмді ілгерілету және дамыту агенттігі де жобаны қолдауда.
Жарыс сегіз кезеңнен тұрады және АҚШ, Германия, Бельгия, Қытай, Франция, Нидерланд, Испания, Италия, Қазақстан, Малайзия, Норвегия, Польша мен Түркияның үздік командалары мен спортшылары қатысуда. Қатысушылар арасында тәжірибелі велошабандоздармен қатар болашағынан үміт күттіретін жастар да бар.
Жарыс әлемнің 190 елінде, бес құрлықта, 13 тілде тікелей эфирде көрсетіледі. Анталиядан басталған бағыт Кемер, Калкан, Фетхие, Мармарис, Акьяка, Айдын, Кушадасы, Селчук және Чешме қалаларын басып өтіп, Эгей теңізінің жауһары – Измирде аяқталады. Велошеру жолында тарихи ескерткіштер, табиғи көрікті жерлер мен дәстүрлі түрік тағамдары да ұсынылады.
Велошеру барысында велоспортшыларға арналған жайлы қонақүйлер, қауіпсіз тұрақтар мен арнайы қызметтер де қарастырылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі