23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандықтар Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин және Денис Евсеев Шанхай мастерс турниріне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисшілердің үшеуі де іріктеу сайыстарының финалдық кездесулерін сәтті өткізді.
Дүниежүзілік рейтингте 302-орында тұрған 22 жастағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 293-ракеткасы, чехиялық Доминик Паланды 2 сағат 1 минутқа созылған тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен ұтты.
Сондай-ақ рейтингте 258-сатыдағы Денис Евсеев әлемнің 188-ракеткасы, тайбэйлік Ву Тун-Лиден айласын асырды – 6:4, 4:6, 6:3. Бұл жекпе-жек 2 сағат 11 минутқа созылды.
Әлемнің 246-ракеткасы Михаил Кукушкин 300-орында тұрған аустралиялық Люк Сэвилді 6:3, 6:3 есебімен жолдан тайдырды.
Қазақстандық теннисшілердің Шанхай мастерс додасындағы алғашқы қарсыластары кейін анықталады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады