Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстан Армения астанасы Ереванда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қызымыз топ жарды. Бұрын-соңды қазақстандық қыздар үш алтынды қоржынға салмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірім боксшы қыздар арасындағы әлем чемпионатында Аяжан Сыдық 54 келіде үздік шықты. Ол финалда үнді қызы Амиш Керкеттаны жеңсе, 60 келіде Толғанай Қасымхан әлем чемпионы атанды. Ол финалда ресейлік Кира Леоновадан басым түсті.
Қоржынға үшінші алтынды 66 келіде Айсұлу Мұхит салды. Ол ақтық сында румыниялық Амалиа Тугуйден айласын асырды.
Бұдан бқлек Сила Биболсынқызы (48 келі), Гауһар Зарден (50 келі), Айша Сариева (52 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді