Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСәтбаев Университетінің Физика-техникалық институтында шамдардың барлық түрлеріне сынақ жасайтын Қазақстандағы алғашқы аккредиттелген зертхана өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зертхана СНИП және ГОСТ стандарттарына сәйкестікті анықтай отырып, өнеркәсіптік және көшелік, тұрмыстық жәнеарнайы жарықтандыру құрылғыларын сынақтан өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Зертхана өндірушілер мен тұтынушыларға жарық ағынының таралу диаграммасын, біріктірілген жарық ағынын, түс температурасын, түсті көрсету индексін, қуат пен жарық тиімділігін қоса алғанда, шамның жалпы өнімділігі туралы нақты деректерді білуге көмектеседі. Зертхана сонымен қатар бірегей қызмет – дизайнерлер үшін ES файлдарын жасауды ұсынады, бұл жарықтандыру жобаларын әзірлеушілер үшін оның пайдасын арттырады.
Зертхана қызметтері осы өнімді өндірушілер үшін өте пайдалы болмақ, өйткені олар өнімнің сапасымен олардың мәлімделген сипаттамаларға сәйкестігіне мән береді.
Сондай-ақ зертханакөшелерді жарықтандыруға арналған жабдықтарды сатып алумен айналысатын мемлекеттік органдаржәне әкімдіктер сияқты ірі тұтынушылар үшін маңызды серіктеске айналары сөзсіз.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары