Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Екі қазақстандық дзюдо төрешісі IJF халықаралық дәрежеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматы қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ұйымдастыруымен өткен дзюдо төрешілеріне арналған халықаралық емтихан өзмәресіне жетті. Емтиханның практикалық кезеңі Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер менжастар арасындағы Азия кубогі аясында өтті. Аталған жарыста төрелік еткен 11 елден келген 19 төреші өз кәсіби біліктілігін дәлелдеді.
Нәтижесінде қазақстандық төрешілер Тимур Ажимов (Ақтөбе облысы) пен Әділ Бисенқұлы (Маңғыстау облысы) сәтті нәтиже көрсетіп, IJF Халықаралық санаттағы төреші (IJF International Category) атағына ие болды.
Сондай-ақ, Польша, Египет, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд,Жапония және Сауд Арабиясынан келген төрешілер де емтиханнан сүрінбей өтіп, халықаралық дәрежеге қол жеткізді.
Төрешілер жұмысына және емтихан барысына Халықаралық дзюдо федерациясының бас рефери директорлары Даниэл Ласкау мен Армен
Багдасаров, Азия дзюдо одағының (JUA) бас төрешілер директоры Осака Акинабу мен JUA рефери-директоры Асхат Житкеев жетекшілік етті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 11 халықаралық, 17 континенталдық және 20 ұлттық дәрежедегі дзюдо төрешісі бар.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд