29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Оломоуц (Чехия) ITF W60 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
Олар алдымен тартысты матчта румыниялық Карола-Патриция Беженару - франциялық Тифани Лемайтрені жолдан тайдырды - 6:4, 3:6, 14:12.
Бүгін ширек финалда чехиялықтар Анета Лабуткова - Ивана Себестовадан басым түсті - 6:4, 6:2.
Қазақстандық-латвиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бұдан бір апта бұрын Ж. Құламбаева Римдегі осындай додада чемпион атанған еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек