Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркиялық Илай Йорукпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжібаева Анталияда өткен W15 санатындағы ITF сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық матчта 19 жастағы Кенжебаева мен 23 жастағы Йорук неміс теннисшісі Мина Ходжич пен швейцариялық Мари Меттроны жеңді – 6:4, 5:7, 10:8.
Осылайша, Сандуғаш ITF турнирінде жұптық сында үшінші рет топ жарып отыр. Былтырдан бері Кенжібаева қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдиновтің қарамағында жаттығады.
Тағы бір қазақстандық Аружан Сағандықова ресейлік Мария Головинамен жұптасып, W15 санатындағы ITF турнирінің финалында Тунистің Монастирінде словениялық Зива Фалькнер мен сербиялық Рене Миловановичтен ұтылды – 4:6, 4:6.
Жекелей сында Аружан ширек финалға дейін жетіп, неміс Лара Шмидттен жеңіліп қалды (4:6, 5:7).
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер