Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстандық Әмір Омарханов Грузия астанасы Тбилисиде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, Қарағанды теннис мектебінің түлегі, қазіргі кезде Чехияда жаттығып жүрген 15 жасар Әмір Омарханов жекелей және жұптық сында топ жарды.
Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші финалға дейін де қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ.
Ә. Омарханов жұптық бәсекеде болгариялық Иван Найденовпен бірге қазақстандықтар Ілияс Маратұлы – Виталий Зацепинді жеңді – 6:3, 6:4.
Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors додасында бесінші титулына қол жеткізді.
Тбилисидегі табысы нәтижесінде қазақстандық спортшы жасөспірімдер әлемдік рейтингісінде 298-орынға көтерілді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер