19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Бүл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 130-ракеткасы, франциялық Ришар Гаскемен бас жүлдені сарапқа салды.
М.Кукушкин бірінші партияда тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Содан кейін екінші сетті де алды – 6:4.
Бір сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Р.Гаске 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин осы табысының арқасында ATP Live рейтингісінде бірден 162-орынға көтеріліп тұр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары