Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А. Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда португалиялық Франсишку Кабраль - бразилиялық Рафаэль Матоспен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда португалиялық-бразилиялық жұп басымдылық танытты - 6:4. Есесіне бұдан кейін Недовесов пен Эскобар камбэк жасап, жеңісті жұлып алды - 6:3, 10:7.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-эквадорлық дуэт 6 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты мүлт жіберген жоқ. Кабраль мен Матос 3 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?