Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық Арысланбек Айтқұлов Президент кубогі ATP Challenger Tour турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды теннис мектебінің 19 жасар түлегі, дүниежүзілік рейтингте 1345-орында тұрған А.Айтқұлов бастапқы кездесуін әлемнің бұрынғы 33-інші, қазіргі 740-ракеткасы, өзбекстандық, ATP 250 жарысының екі дүркін чемпионы Денис Истоминмен өткізді.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Арысланбек ертең іріктеу сайыстарының финалында негізгі додаға өту үшін әлемнің 665-ракеткасы, үндістандық Калианд Пуначпен таласады.
Басқа қазақстандық Виталий Зацепин мен Григорий Ломакин қарсыластарына жол берді. 17 жасар Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовтан 3:6, 2:6 есебімен ұтылса, Ломакин ресейлік Евгений Филипповтан өте алмады - 1:6, 2:6.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді