30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жекелей және жұптық сында теннисшілердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы үштік өзгеріссіз: серб Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас, ресейлік Даниил Медведев.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орыннан 23-орынға көтеріліп, рейтингте өз рекордын жаңартты. Жақында ғана еліміздің азаматтығын алған Александр Шевченко үш саты жоғарылап, 56-орынға тұрақтады. Денис Евсеев – 177-ші, Бейбіт Жұқаев 191-орында тұр.
Жұптық сында Рохан Бопанна (Үндістан), Мэттью Эбден (Австралия) және Остин Крайчек (АҚШ) көш басында келеді.
Отандық теннисші Александр Недовесов – 48-ші, Андрей Голубев 63-орынға жайғасты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды