30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОтандық жазушы, журналист, аудармашы Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаралы хабарды әріптесіміз Аманғали Қалжанов әлеуметтік желіде жеткізді.
Белгілі жазушы, журналист, аудармашы Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті деген қаралы хабар ауыр тиіп отыр Журналистикадағы ұстаздарымның бірі, ақылшы аға еді... Маусым айында өмірге келіп, осы айда фәниден бақиға көшті. Биыл 65 жасқа толар еді, аз күн жете алмады, - деді ол.
Журналистикадағы жолы облыстық «Орал өңірі» газетінен басталып, кейіннен республикалық «Зерде», «Жалын» журналдарында, «Ана тілі», «Заң», «Түркістан», «Алтын Орда», «Теміржолшы-Железнодорожник» газеттерінде жалғасқан. Сонымен қатар еліміздің қазақ тіліндегі алғашқы тәуелсіз басылымдарының бірі «Аруана» газетін шығарып, бас редакторы болды. Одан қалды «Астана ақшамы» газетінде жұмыс істеген.
«Арыс», «Аманат – таным әлемі» баспаларында бас редактор болды. Қазақ тілінде балаларға арналған танымдық кітаптар шығарды.
Сонымен қатар американдық белгілі психолог Луиза Хейдің денсаулықты түзеуге, қатерлі ісікті жеңуге қатысты кітабын аударып, оның үзінділері «Алматы ақшамы» газетінде жарияланды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды