20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан спортындағы ең жоғары жалақылардың бірін футболшылар да, боксшылар да емес, таэквондошылар алатын көрінеді. атап айтқанда, ұлттық құрама мүшелерінің алды 2,5 миллион теңге айлық жалақы алады екен. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов «Бірінші бол» YouTube-жобасында болған подкаст кезінде айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, бұл цифра министр Ермек Маржықбаевтың аузынан шыққан. Федерациялардың басшыларын қабылдаған министр олардың есебін тыңдаған соң, жалақы көлемін де айтып қалған.
«Азия ойындарынан кейін таэквондо федерациясының қорытынды жиындарында орташа айлық 2,5 млн теңге екені айтылды. Бұл сөз министрдің аузынан айтылды. «Көп ақша айтылғанына қарамастан нәтиже жоқ. Тіпті боксшылардан да көп аласыңдар» деді ол. Бірінші нөмірлі боксшылар қазір 1,6-1,8 млн теңге айлық алады. Мен сол жиынға қатыстым. Естіген құлақта жазық жоқ», - деді Аслан Қаженов.
Айта кетейік, Қазақстан таэквондышылары соңғы өткен әлем чемпионатында бірде-бір жүлде алмады. Соған қарамастан оларға төленетін ақша көлемі министрдің өзін таң қалдырып отырғанға ұқсайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?