Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық студенттер Бангладештің Дакка қаласында өткен ICPC Бағдарламалау бойынша халықаралық студенттік олимпиадада үздік 30 топтың қатарына кірді, деп хабарлайды El.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс қорытындысы бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасы МФТИ, ММУ (Ресей), KAIST (Корея), NUS (Сингапур), IIT (Үндістан) студенттерінен озып, 25 орынға ие болды. Сондай-ақ, олимпиадаға тағы бір қазақстандық жоғары оқу орны – Сүлейман Демирель университеті қатысып, командалық есепте 111 нәтиже көрсетті.
«Біздің студенттер ең ірі студенттік IT-олимпиадада тамаша нәтижелер көрсетті. Қазақстандықтар алғаш рет әлемдегі ең мықты 30 команданың қатарына енді. Қатысушыларымызды жоғары көрсеткіштермен құттықтаймын. Келесі жылы қазақстандық студенттер жаңа биіктерді бағындыра алатынына сенімдімін. Ал біз ғылым және жоғары білім министрлігі ретінде болашақ чемпиондарға жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, Бағдарламалау бойынша халықаралық студенттік олимпиада (ICPC) 1977 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Олимпиада командалық форматта өтеді, бір оқу орнынан үш қатысушыдан тұратын бір команда қатысады
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді