22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТуризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жеңісі туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуесқой бокс: Отандық боксшылар Бакуде (Әзербайжан) өткен Аббас Агаларовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып, 16 медаль жеңіп алды. Додаға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан келген 97 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Біздің боксшылар қоржынында 16 медаль, атап айтар болсақ, 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлде бар.
Садақ ату: Грузияның Батуми қаласында садақ атудан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар Самира Жұмағұлова, Аяжан Яхина және Әлихан Тұяқ бірінші орын иеленді. Жекелей сында Райымбек Майқыбаев топ жарса, қыздар арасында Самира Жұмағұлова күмісті қанағат тұтты. Кадеттер арасында Әлихан Тұяқ алтын, Аяжан Яхина күміс медаль иеленді. Командалық жарыста Райымбек Майқыбаев пен Әбдумәлік Ғаниев жеңіске жетсе, аралас командалық сында Әлихан Тұяқ пен Аяжан Яхина жұбы бас жүлде олжалады.
Шайбалы хоккей: Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» өз айдынында Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасынан басым түсті. «Барыс» сапынан Аркадий Шестаков (дубль), Давид Скленичка, Рудольф Червены, Энтони Камара мергендігімен көзге түсті. «Трактор» командасынан Никита Сошников бір мәрте дәлдік танытты. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.
Күрес: Қазақстандық балуандар жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте өз салмақтарында топ бастады. Еркін күрестен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орынға Грузия, үшінші сатыға Әзербайжан балуаны жайғасқан.
Сонымен қатар Жәмила Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің қорытындысы бойынша (United World Wrestling – UWW) 72 келі салмақтың рейтингінде бірінші орында тұр. Отандасымыз биыл үшінші рет Азия чемпионатында топ жарып, қыркүйекте Сербиядағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев