Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТуризм және спорт министрлігі 31 наурыз – 6 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
31 наурыз – 2 сәуір: Гір көтеруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты
Жарысқа 16 өңірден 130 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы.
1-7 сәуір: Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі
Бұл турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Айроло қаласы, Швейцария.
1-7 сәуір: Грэпплингтен Қазақстан кубогі
Турнирде еліміздің 20 өңірінен келген 1000 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Астана қаласы.
1-8 сәуір: Суға секіруден Poland Diving Cup турнирі
Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Жешув қаласы, Польша.
1-11 сәуір: Стенд атудан Әлем кубогі
Кубок жолындағы бәсекеде 9 отандасымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Буэнос-Айрес қаласы, Аргентина.
3-7 сәуір: Таеквондодан Сербия ашық чемпионаты
Турнирге Қазақстан құрамасының 9 спортшысы қатысады.
Өтетін орны: Белград қаласы, Сербия.
5-6 сәуір: Кекушинкай каратэ-додан ел чемпионаты
Жарыста 15 өңірден 250 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Ақтөбе қаласы.
5-6 сәуір: Пара таеквондодан Қазақстан кубогі
Турнирге 12 өңірден 49 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.
5-7 сәуір: Теңге ілуден II Азия кубогі
Сары құрлық додасында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Татарстан, Түрікменстан, Өзбекстаннан келген 20-дан астам спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды