Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАрмения астанасы Ереван қаласында самбодан өтіп жатқан әлем чемпиоатының алғашқы күнінде қазақстандық қос спортшы жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионатының финалында 50 келі салмақта белдескен Маргарита Бажаева күміс медальға ие болды. Ол шешуші бәсекеде өзбек қызы Гулсевар Ураковаға есе жіберіп алды. Отандасымыз Маргарита былтыр да әлем біріншілігіне қатысып, 5-орынға тұрақтаған еді.
Ал 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңіп, 3-орынға ие болды
Әлем чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында әзірше 1 күміс және 1 қола жүлде бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді