20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық садақ атушылар әлем кубогінің аралас сайысында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Садақ атудан Антальяда (Түркия) өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде блоктық сайыс бойынша аралас жұптық бәсекеде өнер көрсеткен Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова финалдық сайыста Ұлыбритания командасынан басым түсті. Екінші орынға Ұлыбритания спортшылары ие болса, Италия садақ атушылары үшінші орынды қанағат тұтты.
Отандасымыз Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова жұбы санаулы күн бұрын ғана Оңтүстік Кореяда өткен Азия кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болған еді.
Жалпы Қазақстан блоктық садақ атудан өз тарихында әлем кубогінің кезеңдерінде екінші рет жүлде алды. Бұған дейін сәуір айында әйелдер құрамасы командалық сайыста қола жүлдегер атанған.
Айта кетейік, Андрей Тютюн әлемдік рейтингте 19-орынға, ал Адель Жексенбинова әлемдік рейтингте 51-орынға ие спортшы.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?