19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітовтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы рэпер ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында каннабис бар байлам және телефон табылды. 27 жастағы ер адам иесі болып табылатын студияны тінту кезінде жазбалар мен өсімдік тектес есірткі құралдары, тауарды буып-түюге арналған электронды таразы мен ноутбук табылған.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары