19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ҚР ІІМ елімізде 50-ге жуық халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жол учаскесі жабық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәулік бойы Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы, Ақмола мен Жетісу облыстарының полицейлері жолдарда ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп жатыр. 331 жылыту пункті жұмыс істеп тұр, онда тәртіп сақшылары 2013-ке жуық адамды эвакуациялады, - делінген мәліметте.
Тек 14 желтоқсанның өзінде 2660 азаматқа көмек көрсетілді, оның ішінде 118 бала бар. Полицейлер болуы мүмкін ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге қатты аяздан қатып қалған жанар-жағармайды қалыпқа келтіруге, көлікті жөндеуге көмектесті. Сондай-ақ қатты аязда ыстық шай беріп, жылытуға тырысты.
Сонымен қатар жолды көру деңгейі нашарлағанда автоколонналарды сүйемелдеу ұйымдастырылған.
Ауа райы нашарлаған сәттен бастап полицейлер 3100-ге жуық адамды құтқарды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары