Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысында Қазақстан атынан Алматы қаласының №81 мамандандырылған мектеп оқушылары өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
USTEM Robotics қоғамдық қорының хабарлауынша, екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды.
Finalist Alliance Captain Award - финалдық матчтар барысында Альянсты басқарғаны үшін арнайы марапат;
Innovate award - Робот жасаудағы инновациялық тәсіл үшін ең жоғары инженерлік марапат;
Rookie Inspiration - жаңадан келген командаға берілетін ең жоғары марапат.
Біз бұл сапардан үлкен тәжірибе алдық. Балалар Израильдің ең мықты командасын жеңіп шықты. Әлемдік аренаға алғаш рет шыққан команда үшін бұл үлкен жетістік. Қазылар алқасы да балалардың жұмысын жоғары бағалап, бірден үш марапат табыстады» – деді жаттықтырушы Бекзат Аманов.
Айта кетейік, Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына 5 елден 70 команда жиналды. Қазақстан, Үндістан, Израиль, Ресей және Румыния мемлекеттерінің оқушылары арасынан үздіктер анықталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді