Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.
Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 3,9 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сыйлық тағайындалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді