Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.
Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғары жас санаты (9-11 сынып):
Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);
Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).
Кіші жас санаты (7-8 сынып):
Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);
Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);
Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).
Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.
Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?