7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстандық оқушылар EJOI-2024 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Молдовада EJOI-2024 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Оқу-ағарту министрлігі биыл бұл жарысқа 50 елден келген 200-ге жуық оқушы қатысқанын айтты. Олимпиада екі күнге созылды. Қатысушылар күн сайын үш тапсырмадан орындаған, әр жинақ үшін төрт сағат қана берілді.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды. Олар:
Алтын медаль – Мансұр Мамадахунов, Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Алтын медаль – Жан Анри, Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебінің» 9-сынып оқушысы.
Күміс медаль – Исатай Исмағзи, Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Қола медаль – Арнұр Нұрғазин, Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 8-сынып оқушысы.
Команданы дайындаған жетекшілер: ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Темірлан Сатылханов, Назарбаев Университетінің студенті, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Альтаир Ашуров.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы EJOI-2023 олимпиадасында біздің жас бағдарламашыларымыз бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?