7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-халықаралық олимпиадада жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
IBO - 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс. 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді. Еншімізге екі күміс пен екі қола медаль бұйырды.
Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды, - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.
Оқи отырыңыз:
Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?