Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМалайзияның Кампар қаласында APhO физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынады. Додада қазақстандық оқушылар жеті марапат жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды.
Жеңімпаздардың есімдері:
Күміс медаль - Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Досжан Бисимби, Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Қола медаль - Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Қола медаль -Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамота - Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
Қазақстандық команда жетекшілері:
Самат Мақсұтов – PhD, SDU доценті және Нұрдәулет Қаласов – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?