20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайдағы гастрольдік турын аяқтады. Концерттер басты опера сахналарында – Бейжіңдегі Ұлттық өнер орталығында және Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігі атап өткендей, бұл – әншінің Қытайдағы бесінші гастролі. Өнерпаз Моцарттың «Фигароның үйленуі» операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындады. Бұған дейін ол осы қойылымдағы Сюзанна партиясын шырқаса, ал биыл алғаш рет көрерменге графиня образында шықты. Бұл кейіпкердің терең әрі қарама-қайшы сезімдері спектакльге ерекше драмалық әсер мен эмоциялық тереңдік берді.
Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ ән айтуға қызығып, 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған. Сол жерде «Ла Скала» театрының балалар хорында шығармашылық жолын бастап, кейін Миландағы Дж. Верди атындағы консерваторияны тәмамдаған. Қазір өнер иесі әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр және әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі саналады.
Опера жұлдызының келесі концерті биыл қазанда Италияда, Йези қаласындағы Перголези театрында өтеді. Ол онда «Дон Жуан» операсындағы Донна Анна партиясын орындайды. Осылайша, Мария Мудряк Моцарттың опералық трилогиясындағы үш басты әйел рөлін толықтай сахналайтын болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?