30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, отырыс барысында Аида Балаева мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жоспарлар туралы келісіп, бұл шаралар өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесуде тараптар алдағы бірлескен іс-шараларды талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу туралы бастама көтерілді. Аида Балаева бұл іс-шараның аясын кеңейтіп, дәстүрлі концерттер мен көрмелерден бөлек, шеберлік сабақтарын, шығармашылық кездесулерді, ғылыми конференцияларды және мәдениет саласындағы өзара байланыстардың өзге де түрлерін қамтуды ұсынды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар «Лістапад» кинофестивалі аясында Қазақстан киносының күндері өтеді. Қазіргі уақытта іс-шараны өткізуге қатысты мәселелер мен көрсетілетін фильмдердің тізімі нақтылануда. Бұдан бөлек, 10-11 шілде күндері Витебск қаласында өтетін халықаралық «Славян базары» фестиваліне де қазақстандық өнерпаздар қатысады.
Кездесу соңында Аида Балаева Қазақстан тарапы екі елдің музей, театр мен архив қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ бірлескен киноөндіріс пен концерттік жобаларды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар бірлескен іс-шараларды үйлестіру мақсатында жұмыс тобын құруға уағдаласты. Кездесу қатысушыларының пікірінше, бұл бастамалар Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түспек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды