20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИндонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында бүгін Қазақстан мергендері тағы 3 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, тағы құрлық чемпионы атанды. Ал ерлер сайысында Илья Зотеев үздік үштікті түйіндеді.
Дәл осы жаттығудағы командалық бәсекеде еліміздің ерлер құрамасы (Андрей Худяков, Илья Зотеев, Асадбек Назиркульев) жарыс қожайыны Индонезиядан кейін нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы мұнда 1654 ұпай жинады.
Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Азия чемпионатының 4 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдесі бар. Ертең ауыспалы қарқындағы жылжымалы нысана көздеу сайысынан кейін құрлық чемпионаты аяқталады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?