10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘсем Орынбай Катар мемлекетінің астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Стенд атудың скит бағдарламасындағы финалда Әсем 60 оқтың 51-ін тәрелкеге дәл тигізді. Кьяра Ди Марциантонио (Италия) жеңімпаздан бір ұпай қалыс қалды. Қола медаль Дания Джо Виццидің (АҚШ) еншісінде. Бұл сында 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады (34 ұпай).
Кеше Әсем алғашқы іріктеуден кейін 72 ұпаймен көш басына шыққан, ал бүгін 44 балл алып, финалға 6-орынмен (116 ұпай) жолдама алды. Қазақ мергені қазір ISSF рейтингінде 7-орында келе жатыр.
Биылғы маусымда Әсем Орынбай әр жарыста тұрақты өнер көрсетіп, бірнеше рет тұғыр биігіне көтерілді. Мамырда Алматыда өткен рейтингтік Әлем кубогында жекелей сында топ жарып, ізін ала әріптесі Эдуард Ещенкомен бірлесіп күміс жүлдегер атанды. Сосын жазда Лонатодағы (Италия) Әлем кубогында аралас жұптар арасында (Эдуард Ещенкомен) 3-орын алған.
Одан қалды Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында да бірнеше рет үздіктер қатарынан көрінді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді