Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСтенд атудан Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде «Трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының 2 мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден озды.
1-орын. Мария Дмитренко — 40 ұпай
2-орын. Фатима Галвез — 39 ұпай
3-орын. Алессандра Перилли — 32 ұпай
МАРИЯ ДМИТРЕНКОНЫҢ ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШТЕРІ:
2 алтын (2023, 2024)
2 күміс (2021, 2023)
3 қола (2021, 2022)
Айта кетейік, Мысырда ұйымдастырылған турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынап жатыр.
Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді