Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігі еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «Korea Import Fair 2024» халықаралық импорттық тауарлар көрмесінде қазақстандық стендті ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Корей импорттаушылар қауымдастығы (KOIMA) ұйымдастырған шарада «FruitLab», «Iki» органикалық шырындары, «Sigara Borek» жартылай фабрикаттары, «Бахус» сусындары және «Air Astana» қызметтері сияқты қазақстандық компаниялардың өнімдері мен қызметтері көрсетілді.
Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген KOIMA төрағасы Ким Бён Гван Оңтүстік Кореяның серіктес достас елдерінен импортты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол бұл көрменің шетелдік компанияларға өз өнімдерін Кореяда таныстыруға және әлеуетті серіктестер табуға бірегей мүмкіндік беретінін баса айтты,-делінген СІМ мәліметінде.
Іс-шараға 50 елден 200-ден астам компания қатысты. Көрменің бірінші күні қазақстандық стендті бірнеше жүздеген қатысушылар тамашалап, көптеген корей компаниялары қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Қазақстандық стендті аралау барысында ҚР Елшісі Нұрғали Арыстанов, KOIMA төрағасы Ким Бён Гван және Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрінің орынбасары Чхве У Сок қазақстандық өнімдермен танысып, екіжақты сауданы кеңейту перспективаларын талқылады.
Айта кетейік, Қазақстан-Корея саудасының көлемі 6 млрд АҚШ доллары болғандықтан, Оңтүстік Корея еліміздің 4-ші ірі сауда серіктесіне айналған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді