20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық экономика министрлігі «Elem group» компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы 7 желтоқсанында «Elem Group» ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының тізіміне («entity list») енгізілді.
2023 жылдың мамыр айынан бастап «Elem group» ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбейтінін атап өткен жөн.
Енгізілген шектеулер бұдан былай АҚШ жеткізушілері аталмыш тізімге енген компанияларға арнайы лицензиясыз американдық тауарларды жібере алмайтындығын білдіреді.
АҚШ Сауда министрлігінің шектеулеріне ұшыраған компаниялар американдық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, өз қызметін жалғастыра алады. Тізімде Германия, Жапония, Бельгия, Ұлыбритания сынды т. б. дамыған елдердің кәсіпорындары да бар.
Бұл қайталама санкциялар еместігін ескеру маңызды. Яғни, АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкциялар тізіміне жатпайды (SDN list).
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?