20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Атырау» футбол клубы бразилиялық қорғаушы Матеус Барбосаны қатарына қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Transfermarkt ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 25 жастағы ойыншы командаға еркін агент ретінде келді. Матеус Барбоса мұнайлы астананың командасымен 2024 жылдың соңына дейін келісім-шарт жасады. Бразилиялықтың трансферлік құны 250 мың еуроға (шамамен 120 миллион теңге) бағаланады.
Барбоса мансабын отанында бастады және «Фигейренсе», «ПСК» мен «Пальмейрас» секілді бразилиялық клубтарда өнер көрсетті. Оған қоса, Португалияла «Мафру» және «Лореш» секілді ұжымдарда ойнады.
Айта кетейік, Матеус биылғы маусымның алғашқы бөлігін грекиялық «Илиуполис» жейдесінде өткізіп, 6 ойында 1 голмен ғана көзге түскен.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?