10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміз бойынша 700-ден астам колледж алғаш рет Жұмыс берушілер күнін атап өтіп жатыр. Іс-шараға ірі компаниялардың, шағын және орта бизнестің 4 мыңнан астам өкілі қатысып отыр, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс берушілермен 600-ден астам меморандум мен 500-ден астам ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Өңірлердегі колледждер «Энергожүйе» ЖШС, «Жарық» Ақтөбе механикаландырылған электр желілері кәсіпорны, «LTD» ЖШС, «Қазақ ұны» ЖШС, «Межрегионэнерготразит» ЖШС, «Астықжан КТ» ЖШС, «ПФ BEST» ЖШС, «Гидросталь» ЖШС және басқа да кәсіпорындармен меморандум жасасты.
«Жұмыс берушілер күні кадр даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өткізіліп отыр. Бүгінгі таңда колледждер ірі кәсіпорындармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Академиялық тәуелсіздік аясында колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, еңбек нарығының сұранысына сай білім беру бағдарламаларын әзірлейді. 500-ден астам ТжКБ ұйымы дуалды оқытуды енгізді және жұмыс берушілер де мамандарды даярлауға белсенді атсалысып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың арқасында студенттер теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын жұмыс орнында тікелей үйренеді. Яғни кәсіпорындар өз қызметкерлерін оқытуға және үздік студенттерді жұмысқа алуға мүмкіндік алып отыр. Ал студенттер бірте-бірте мамандыққа түсіп, еңбекке қажетті машықтарды меңгереді. Биылғы оқу жылында нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында кәсіпорындардың сұранысы бойынша 10 мыңнан астам адам колледждерге қабылданғанын атап өткім келеді», - деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының м.а. Ернат Жүнісов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді