22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық киберспортшы Данил Голубенко әлемдік футбол жұлдызы Неймармен кездесіп, бұл сәттің фотоларын әлеуметтік желіде жариялады. molodoy лақап атымен танымал ойыншының жазбасы бірден көпшіліктің назарын аударып, қызу талқылана бастады.
Кадрларда Данил «Сантос» клубының эмблемасы бар поло жейдесін киіп тұр. Ал суреттердің бірінде ол Неймармен бірге қабырғада ілулі тұрған Лионель Мессидің Аргентина құрамасындағы жейдесінің жанында түскен. Бұл көрініс жанкүйерлер үшін ерекше символикалық мәнге ие болды.
Желі қолданушылары бұл кездесуге түрлі пікір білдірген. Пікірлер арасында «Біз күткен кездесу», «Жасанды интеллект жасаған ба?» деген әзіл аралас жазбалар да, «Қазақ пен бразиль бір туған», «Жарайсың, Данил!» деген қолдау сөздер де кездеседі. Сонымен қатар жазбаға бразилиялық жанкүйерлер де пікір қалдырып, қазақстандық ойыншыға қызығушылық танытқан.
Айта кетейік, Данил Голубенко – Қазақстан киберспортындағы жас әрі перспективалы ойыншылардың бірі. Ол molodoy никнеймімен халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, Counter-Strike дисциплинасы бойынша көзге түсіп келеді. Соңғы турнирлердің бірінде командасымен бірге сәтті ойын көрсетіп, жүлделі орындардың біріне ие болды. Бұл жетістік оның кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, халықаралық сахнадағы танымалдығын арттыра түсті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев