Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылдың 10 мамырында Германияның Лейпциг қаласында IFK World Championship 2025 – Leipzig киокушин каратеден жастар мен жасөспірімдер арасында 7-ші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа әлемнің 40 елінен 700-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан атынан жарысқа 50-ге жуық каратеші қатысты. Біздің ұл-қыздарымыз ел намысын лайықты қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленіп, әлемге қазақ каратэшілерінің шеберлігін паш етті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Алтын медаль иегерлері:
1. Бут Виктория – 14-15 жас, 50 кг дейін
2. Бут Данил – 16-17 жас, 60 кг дейін
3. Кусельбаев Амир – 12-13 жас, 55 кг дейін
4. Нурмуратов Ануарбек – 12-13 жас, 45 кг дейін
5. Экажев Ибрагим – 12-13 жас, абсолюттік салмақ
6. Хестанов Вадим – U14, 40 кг дейін
7. Рубахов Кирилл – U18, 75 кг дейін
8. Захарченко Камилла – U21, 55 кг дейін
Күміс жүлде иегерлері:
1. Мухамеджан Адильжан – 14-15 жас, 65 кг дейін
2. Каркенова Саида – U14, 40 кг дейін
Қола жүлде иегерлері:
1. Серик Ади – U18, 70 кг дейін
2. Калдыбек Бейбарыс – U18, 65 кг дейін
3. Турспеков Радмир – U16, 50 кг дейін
4. Романулы Руфат – U21, 70 кг дейін
5. Перч Ангелина – U21, 65 кг дейін
Бұл жеңіс – тек спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының еңбегі ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухын көтеретін айтулы оқиға. Жас каратэшілеріміздің мұндай жетістігі – елімізде спорттың дамып келе жатқанын және болашақ чемпиондардың өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?